Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Кайталанбастай [www.ori-kuan.kz] | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Өзгеруге тырыстым қанша,
Сынға аласың мені сен сонша.
Махаббаттың құны, айтшы, қанша,
Айтылған сөздей оңай болса.
Екі түрлі мінез – екі ой,
Бұлайша жалғасса, қиын ғой.
Іштей жеп барады түрлі ой,
Ұмытып кету сені қиын ғой.
Әлсіздік таныту оңай соқпайды,
Айтшы, жанжал қашан тоқтайды?
Жүрегім кейде тоқтап, соқпайды,
Артығын іздеп сенен, таппайды.
Әлсіздік таныту оңай соқпайды,
Айтшы, жанжал қашан тоқтайды?
Жүрегім кейде тоқтап, соқпайды,
Артығын іздеп сенен, таппайды.

Қ-сы:
Қайталанбастай, басынан бастай,
Шаршадым өткеннің табалдырықтарын қайта аттай.
Ұзаққа ұласпай, қосылмай, жараспай,
Өтеміз бе бармақтай бақыт бізге бұйырмай?
Қиын қандай.

Ойланып бір қара, қайда барамыз біз,
Ұмтылдық көктемге, күтуде қоңыр күз.
Болды ғой, бәрін үз, санамның сандырағы,
Жүрек қой дәрменсіз, бір өзіңе ұмтылады.
Қара бұлт тұтылады түнерген көздеріме,
Мүмкіндік ең соңғы рет бере көргін өзгеруге.
Армандар көзделуде өзіңмен бірге барар,
Сөнуде бүкіл жарық, үмітім жанып тұрар.
Неге екенін білмеймін, жаныма жақын-алыссың,
Төзе алмай жауаларға арпалып қайта алыстым.
Желменен тең жарыстым ызара ішім күйіп,
Қалайша жіберемін жақсы көріп сені, сүйіп?!
Болдым ғой күйік, жаныңның жанды жері,
Ұстап алақаннан шығарғын ауыр демді.
Ренжітпеймін енді, кеш болған соң ұрасың ғой,
Жартас – сол баяғы жартас боп тұрасың ғой.

Қ-сы: (х2)
Қайталанбастай, басынан бастай,
Шаршадым өткеннің табалдырықтарын қайта аттай.
Ұзаққа ұласпай, қосылмай, жараспай,
Өтеміз бе бармақтай бақыт бізге бұйырмай?
Қиын қандай.


Другие названия этого текста
  • BaGi - Кайталанбастай [www.ori-kuan.kz] (1)
  • - Кайталанбастай (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-