а - Әселім жаным текст песни


Самалы жұпар жазғы бір кеште
Ойласам болды Ыстықкөл жақты,
Айтылған сырлар түседі еске
Оятқан сонда ақ махаббатты.

Қ-сы:
Тулайды жүрек
Толқындай шарпып,
Аңсайды жүрек
Өзіңе тартып.
Сағынтқан әнім,
Әселім, жаным.

Тағдырмен қатал ойнатқан сонда,
Қайдасың менің армансыз күнім?
Бақ құсы едің, қонбадың қолға
Қапыда қалдым зар толып үнім.

Алыссың, жастық білемін, сәулем,
Тағдырға нала не керек айтып?
Өмірде сол бір жарқ еткен дәурен
Әселім, сірә, келер ме қайтып?
Другие тексты песен "а"

Другие названия этого текста
  • а - Әселім жаным
  • МұзАрт - Әселім жаным

Как вам текст?



Обратная связь: pesniclub@yandex.ru
Права на тексты песен, переводы принадлежат их авторам. Все тексты и переводы представлены для ознакомления.
song5.ru - Тексты песен | Новые | Популярные | Карта сайта